Бүгін Газа секторынан 92 қазақстандық және олардың отбасы мүшелері эвакуацияланды. Олар Рафах бақылау бекеті арқылы Мысыр аумағына өтті, деп хабарлады республиканың сыртқы істер министрлігі. Біздің азаматтарымыз колонна құрамында Каир қаласына жолға шықты. Ел СІМ қазақстандықтарды эвакуациялау кезең-кезеңімен жүріп жатқанын атап өтті. Осы орайда отандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен жұмысты жалғастыруда. Барлық қазақстандықтар анклавтан Каирге жеткізілген соң, оларды елге қайтару үшін эвакуациялық борт жіберіледі.