Қазақстан мен Қытай 224 индустриялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Қазақстан мен Қытай 224 индустриялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Жуырда ғана Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» форумында қос тарап құны 24 млрд доллар болатын 58 коммерциялық келісімге келді. Оның ішінде Алматы облысында «жасыл» энергетика, логистика, агроөндірістік кешен саласындағы құны 6 млрд доллардың 7 құжатына қол қойылды. Осы бағыттарда Астана қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары да бірлескен тың бастамалар ұсынылды. Премьер-Министр Олжас Бектенов аспан асты елімен арадағы жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру жолдары қаралды. Қытай – Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі. 2005-ші жылдан бері елімізге 26 млрд доллардан астам қаржы құйған. Қазір елімізде құны 66 млрд доллардан асатын 224 индустриялық жоба жүзеге асырып жатыр. Үкімет басшысы елге тартылған шетелдік инвестицияларды 2029 жылға дейін 150 млрд долларға жеткізу басты міндет екенін атап өтті. Сондықтан оның көлемін арттыру, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, әсіресе шикізаттық емес әрі экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіру бойынша жүйелі шаралар қажет.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

– Қытайдың басшысы Си Цзиньпин мырзаның біздің елімізге сапары өте сәтті өтті. Біздің президентіміздің арқасында Қытаймен қарым-қатынасымыз қазір өте жақсы. Саяси диалог қарқынды дамып келе жатыр. Біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып экономикалық бағытта тездетіп белсенді жұмыс жасауымыз керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?