Алматыда 5-ші Еуропалық одақ-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр

Алматыда 5-ші Еуропалық одақ-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр

Цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастардың белсенділігі мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Алматы қаласында осыған бағытталған 5-ші «Еуропалық Одақ-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы» өтіп жатыр. Оған Еуропалық одақ институттары, БҰҰ агенттіктері, азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілдері қатысуда. Биылғы жиынның негізгі мақсаты да осы  өңірде азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін арттырып, бұл салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын күшейту. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Еуроодақ елімізбен экономика және экологиядан бастап адам құқықтарын қорғауға дейінгі көптеген салаларда ынтымақтасады. Global Gateway сияқты түрлі бастамалар арқылы кәрі құрлық ұйымы өңір энергетикасын, білімін және экономикасын дамытуға инвестициялар бағыттап, түрлі бағдарламаларды іске асырады.


Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:


- Форум барысында экономикалық даму, тұрақты энергетика, цифрландыру және көлік логистика салаларындағы инвестициялық жобалар талқыланады. Бұл Қазақстанға Еуропадан тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Азаматтық қоғамның дамуына да бұл форумның әсері мол. Азаматтық форум - азаматтық қоғам ұйымдарының мемлектаралық байланыстарды нығайту рөлін арттырады. Бұл қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың дамуына ықпал етіп, жалпы азаматтық қоғамды халықаралық стандарттарға жақындатады.

Нұржамал Иминова «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын даму жөніндегі директоры:


- Жалпы азаматтық қоғамның бізге берері мол деп айтар едім. Мәселен, қазақстандық азаматтық қоғамда әйелдер мен балалардың,  әлеуметтік осал топтардың құқықтары мен мұдделерін қорғайтын түрлі алаңдар құрылған. Яғни қоғамдық кеңестер белсенді жұмыс атқарады. Жақында бізде электрондық петиция пайда болды. Осылайша, аталған топтардың құқықтарын ілгерілетуге мүмкіндік туды.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?