Парламенттің жетінші шақырылымы таратыла ма?

Парламенттің жетінші шақырылымы таратыла ма?

Конституциялық реформалардан кейін парламенттің жетінші шақырылымы таратыла ма? Қазіргі құрам депутаттық қызметін қай уақытқа дейін атқарады? Бұл сауалдардың жауабын арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова  берді. Оның сөзінше, Парламент палаталарын құрудың жаңа тәртібі сегізінші шақырылымның Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Айта кетейік, оның нормалары референдум арқылы мақұлданған.

Алма Мұқанова,  ҚР әділет вице-министрі:

– БАҚ өкілдері бізден «Конституциялық реформалардан кейін 7-шақырылым таратыла, таралмайма ма?», - деп сұрап жатыр. Қазір бізде 7-ші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір 7-шақырылымның таралуы бойынша сұрақ қойылып отырған жоқ.

Еске салайық, жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың басым көпшілігі Ата заңға түзетулерді қолдап дауыс берді. Оған сәйкес, сенаттағы Президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Сондай-ақ, жаңа заң қабылдау тәртібі күшіне енеді. Яғни, Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. 

 

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов