Әлем таныған тоғызқұмалақ

Әлем таныған тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ әлемге танылуда. Жуырда Африка құрлығында қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойынының Федерациясы пайда болуы мүмкін. Нигерияның Лагос штатында тоғызқұмалақтан көрсетілім ойындары өтті. Адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын ойын жергілікті тұрғындардың қызығушылығын оятты. Тоғызқұмалақ дәстүрлі африкалық үстел ойыны - Айо олопонға өте ұқсас. Оны Нигерияның оңтүстік-батысының тұрғындары жақсы меңгерген. Қатысушылардың міндеті - тастарды немесе тұқымдарды бір шұңқырдан екіншісіне ауыстыру. Оларды барынша көп жинаған жеңіске жетеді.  

Авторы: Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?