Ақтаулық фото The Guardian үздік сурет тізіміне енді

Ақтаулық фото The Guardian үздік сурет тізіміне енді

Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі жағалауы бейнеленген сурет ең ықпалды шетелдік басылымдардың бірі - британдық The Guardian газетінің нұсқасы бойынша әлемнің үздік суреттерінің қатарына енді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады. Ақтауда «Даламен үндес баба өнер» атты қолөнершілер фестивалі кезінде түсірілген кадр «Күннің үздік фотосуреті» айдарында жарияланды. Фото редакциялық топтың мұқият іріктеуінен өтіп, үздіктердің қатарына енді. Сурет ұлттық дәстүрлер мен құндылықтардың, Ұлы даладағы қазақ өнерін бейнелейді. Сарапшылардың айтуынша, фотосуреттің жетістікке жетуі еліміздің бай мәдени мұрасының халықаралық аренада уақыт өткен сайын кеңінен танылып келе жатқанының және Қазақстанға деген қызығушылықтың арта түскенінің дәлелі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?