Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі басталды. Ол өңірдің режиссерлері, сценаристері, продюсерлері мен цифрлық сервистер, стримингтік платформалар мен онлайн-кинотеатрлардың өкілдерін біріктірді. Ұйымдастырушылар барлығы 67 өтініш келіп түскенін айтады. Бұл шараның шымылдығы dark fantasy жанрында түсірілген «Қазақ қорқынышты ертегілері» фильмінің алғашқы үш сериясының байқаудан тыс көрсетілімімен түрілді. Режиссер Әділхан Ержановтың детективтік фильмі қазақ аңыздары мен фольклорына негізделген. Almaty Series Festival «Baiqonyr» халықаралық дебюттік және қысқа метражды кино байқауының аясында өтуде.
Әділхан Ержанов, Режиссер:
- Бұл кинотуынды Нуар жанрының мәнерінде түсірілген «Қазақ қорқынышты ертегілері». Яғни, ол қиял-ғажайып тақырыбындағы қызықты шытырман оқиғалардан құрылған. Фильмде дала аңыздарына негізделген үш сиқырланған құбыжықтың оқиғасы бір желі бойынша баяндалалды.
Сондай-ақ, бағдарламаға Орталық Азияның үздік сериалы, тәуелсіз пилоттық эпизодтардың ұлттық байқауы және шеберлік сабақтары, дәрістер, панельдік пікірталастар еніп отыр. Бұдан басқа байқау аясында алғаш рет Series Mania француз фестивалінің Serial Bridges воркшопы өтеді.
Әнуар Кенжібаев, Baiqonyr кинофестивалінің президенті:
- Біз Францияның Лиль қаласындағы Series Mania фестивалімен серіктестік орнаттық. Олар жыл сайын Рио де жанейро, Стамбул және Тайваньда Serial Bridges воркшоптарын ұйымдастырады. Енд оны бізде Series Mania-мен бірлесіп жыл сайын Алматыда өткізетін боламыз.

