Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады. Бұндай маңызды шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің 40-шы отырысында қабылданды. Халықаралық ұйымының қазақстандық өкілдігінде атап өткендей бұл ең алдымен түркі әлемі елдерінің өзара мәдени байланысын одан әрі нығайта түсуге серпін бермек. Жыл бойы бауырлас елдер Қазақстанның Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Осының арқасында өңірдің туристік әлеуеті артады. Бұған дейін еліміздегі Түркі әлемінің мәдени астаналары 2012 жылы елорда және 2017 жылы киелі Түркістан болғанын айта кету керек.