Қазақстан Азия мен Еуропа
арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналып келеді. Бұған Қазақстанның
Еуразияның кіндігінде орналасуы ықпал етіп отыр. Сондықтан, еліміз берілген
барлық мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланып, әлемдік маңызы бар
көлік-транзит торабына айналуы керек. Бұл туралы Президент халыққа Жолдауында
да айтты. Біздің еліміз осы бағыттағы
ірі жобалардың бірін Маңғыстау облысында іске асыруда. Ақтау портының базасында
контейнерлік хаб құрылады. Ол «Солтүстiк-Оңтүстiк» дәлiздерін және Транскаспий
халықаралық көлiк бағытын қоса алғанда, түрлi бағыттар бойынша контейнерлiк
жүктердi өңдеу және тиеу жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету үшiн инфрақұрылым,
сонымен қатар оның арқасында Каспий және Орталық Азия елдері үшін контейнерлік
парк құруға мүмкiндiк бередi. Айта кетейік, бірінші кезекті 2025 жылы аяқтау
жоспарланып отыр