Мәселен, былтыр қаңтар-қараша айларында жалпы құны 67 млн долларға жуық бағаланған отандық өнімнің 4 тоннадан астамы елден тысқары жіберілген. Бұл өңделгені мен өңделмегенін қоса есептегендегі көрсеткіш. Рекордтық өсім алтынның құнына қатысты тіркелді. Бағалы металл құны бірден 88%-ке ұлғайған. Ал соңғы 5 жылғы деректі келтірсек, экспорттың көлемі 17%, ал құндық мәні 7 есе артқанын көруге болады. Әдеттегідей, қазіргі таңда біздегі алтынды импорттаушылар көшін Ресей, Қырғызстан мен АҚШ елдері бастап тұр.