Қазақстанда геологиялық барлау саласында жасанды интеллект қолданылады

Қазақстанда геологиялық барлау саласында жасанды интеллект қолданылады

Қазақстанда жыл соңына дейін жасанды интеллект көмегімен геологиялық есептерді өңдеу және жер қойнауын зерттеу базасын қалыптастыру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жөнінде елдің Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, жасанды зейін сканерленген құжаттар, есептер, кестелер мен карталарды таниды. Одан кейін бұл деректер машина оқи алатын Big Data форматына айналдырылады. Оның негізінде әлеуетті кен орындарының геологиялық модельдері жасалады. Кейін олар жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына жүктеледі. Қолайлылық, деректердің ашықтығы және нақтылығы бұл ақпаратты инвесторлар үшін түсінікті етеді. Жалпы бүгінде аталған саланың 22 мемлекеттік қызметі цифрландырылған. Биылдан бастап лицензиялық-келісімшарттық талаптар бойынша есеп беру толығымен сандық үлгіге көшірілді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?