Қазақстан алдағы екі жылда ішкі нарықты құс етімен толық қамтамасыз етеді

Қазақстан алдағы екі жылда ішкі нарықты құс етімен толық қамтамасыз етеді

Қазақстан алдағы екі жылда құс етіне қажеттілікті толық жабуға ниетті. 2025-2026 жылдары елімізде бұл бағытта 4 бірдей ірі жобаны іске қосу көзделуде.  Олардың жалпы қуаты жылына 200 мың тоннаға жуық қосымша тауық етін беруге қауқарлы болмақ. Есесіне импорттан толық арылуға болады дейді мамандар. Тіпті бұл өнімді экспорттауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда құс етін өндірудің жалпы көлемі жылына 328 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, қазір агроөндірістік кешен саласында жалпы құны 447 млрд теңгеге жуық 91 ірі инвестициялық жобаның пулы қалыптасты. Негізінен ет, сүт, астық өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Бұл ретте озық аустралиялық тәжірибені кәдеге жаратудың да амалдары қарастырылған.