Ақтау - 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Эстафетаны Маңғыстау облысының орталығы Түрікменстанның Анау қаласынан қабылдады. Мұндай мәртебеге 2012 жылы - Астана және 2017 жылы - Түркістан ие болды. Жылдың салтанатты ашылуы наурызға жоспарланған. Осы уақыттан бастап түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен форумдар, ғылыми конференциялар және тағылымды шаралар ұйымдастырылады. Ауқымды іс-шаралар бағдарламасы ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымына мүше мемлекеттердің Ашхабадта өткен 41-ші отырысында талқыланды.
Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:
- Бұл өте жоғары мәртебе. Ақтау түркі әлемінің мәдени
астанасы атануға лайықты, әрі моральдық құқығы бар. Ақтау - Қазақстандағы ғана
емес, бүкіл түркі әлеміндегі рухани мегаполистердің бірі. 2025 жылға
жоспарланған барлық іс-шаралар Ақтауда өтеді. Менің ойымша, Ақтау түркі
әлемінде лайықты түрде таныстырылады және біз Ақтау қаласын түркі әлемінің
рухани орталықтарының бірі ретінде ілгерілететін боламыз. Және Ақтау
мәдениетін, тарихын дәріптейміз. Біз үшін осындай шараны Қазақстанның рухани
мегаполисінде Ақтауда өткізу үлкен дәреже.
Әсел Күшенғалиева

