Алматы облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 5 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс елде бесінші орында тұр. Осы жылдың алғашқы 5 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы Мемлекет басшысына Әкім Марат Сұлтанғазиев баяндады.
Ол сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты өңірдің инвестициялық портфелі туралы хабардар етті. 2030 жылға дейін ол 3 трлн 700 млрд теңгенің 207 жобасын қамтиды. Биыл оның 60-қа жуығы іске асырылады.
Кездесу барысында Қонаев, Алатау қалаларын және барлық агломерацияны дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті Alatau City жобасын жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыруды тапсырды.