Қазақстан Президенті Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михай Попшой қазақ-молдован байланыстарын дамыту әлеуетін талқылады. Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды. 

Мемлекет басшысы Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты. Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?