Қазақстанда АЭС салына
ма, жоқ па? Бұның шешімін еліміз
бен одан тысқары мемлекеттерде өтіп жатқан республикалық референдум қорытындысы
бойынша халық шығарады. Елімізге келетін болсақ, бүгін Қазақстанда таңғы сағат
7-ден 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды. 84 учаскенің жұмысы бұдан бір
сағат бұрын басталды. Бұл ауысыммен жұмыс жасайтын адамдарға дауыс беруге
мүмкіндік жасау қамы. Жалпы Астана бойынша 900 мың сайлаушы тіркелген. Референдум
барысын бақылаушылар қадағалауда, оның ішінде халықаралық ұйым өкілдері бар.
Леонид Анфимов, ТМД бақылаушылар
миссиясының басшысы:
- Біздің бақылаушылар
Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан
Республикаларының атынан тіркелді. Қазақстанның 9 өңірінде референдум барысын
бақылап жүрміз. Референдум жақсы ұйымдастырылып, халықтың белсенділігі
байқалады. Бұл Орталық комиссияның референдум өткізуге қатысты жоғары дайындығын
көрсетеді. Басқа миссиялармен тығыз байланыста жұмыс істейміз.
Бұл қатарда Шанхай ынтымақтастығы
ұйымы Түркі мемлекеттері ұйымы, және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім
шаралары жөніндегі кеңес өкілдері бар. Бұған қоса 30 шет елден 177 бақылаушы
келді.
Сади Джафаров, Түркі мемлекеттері
ұйымының бақылаушылары миссиясының басшысы:
- Біздің миссиямыз
бүгінгі күннің соңына дейін жалғасады және Астана қаласының учаскелерінің
бірінде дауыстарды санау үрдісіне қатысатын боламыз. Қандай да бір құқық
бұзушылықтар байқаған жоқпыз, дауыс беру тыныш тұрақты жағдайда өтіп жатыр,
Қазақстанның заңнамасы, сондай-ақ осы саладағы жалпы қабылданған халықаралық
стандарттар сақталуда.
Бақылаушылардың сөзінше, қазақстандықтар сайлау
учаскілері ашылғаннан бастап өз азаматтық ұстанымын білдіруде белсенділік
танытуда.
Арнагүл Смағұлова, Астана
қаласының тұрғыны:
- Жақсы көңіл-күймен таңертең демалыс күні өз даусымызды беруге келдік.
Болашаққа зор үлесін қосады деп ойлаймын.
Дулатхан Мұханбедин, Астана
қаласының тұрғыны:
- Бұл біздің болашақ,
бәрі өзімізге байланысты. Барлық дауыс өте маңызды. Бәріміз бір адамдай
жұмылғанымыз дұрыс. Демалыс күні ерте тұрып өз таңдауымды жасау үшін келдім.
Еске сала кетейік, ел аумағындағы сайлау учаскілері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.