Қазақстан Палестина
халқына қосымша гуманитарлық көмек жіберді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес арнайы бортпен 38 тоннадан астам жүк жеткізілді. Олардың
дені азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар. Сондай-ақ,
Қазақстандық гуманитарлық жүк ұшағы Газа секторынан эвакуацияланған еліміздің
28 азаматын кері алып кетті. Республиканың Мысырдағы елшілігі өкілінің айтуынша, онда әлі
де 10 отандасымыз қалды. Бұл – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы
мүшелері. Айта кетейік, бұған дейін қақтығыс аймағынан 100-ге жуық қазақстандық
елге сәтті эвакуацияланған еді.