Қазақстан вагон жасау компаниясы айына 240 вагон құрастырады

Қазақстан вагон жасау компаниясы айына 240 вагон құрастырады

Қазақстан вагон жасау компаниясы енді айына 240 вагон құрастырады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Бұған дейін мұнда жылына 100 вагон құрастырылатын. Өндіріс қуаты артқан компания 3 мың жартылай вагон жеткізу бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын орындады. Қазір зауытта мамандардың біліктілігін аарттыруға басымдық беріліп отыр.

Жоламан Ахмадиев, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас инженері:

- Зауытымызда 800 жуық маман жұмыс істейді. Биыл жұмысшы мамандықтары жылы аясында зауытымызда оқу орны ашылды. Онда сол барлық 800 қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру бойынша қазіргі таңда жұмыс атқарып жатырмыз.

Ренат Тимур, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС жабдықтарды жинақтау инженері:

- Осы зауытта жабдықтар тоқтап қалмас үшін техникалық құжаттарды растау және оларды енгізу мен дайындау саласында жұмыс істеймін. Осы жылы Президентіміз «Жұмысшы мамандықтарының» жылы деп атап өтті. Ол бізге үлкен көмек деп санаймын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?