Ақордада Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігі талқыланды

Ақордада Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігі талқыланды

Қазақстан Президенті Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамыту, сонымен қатар өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Өз кезегінде Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысын еліміздің Конституциясының 30 жылдығымен құттықтады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?