Мемлекет басшысы АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты қатынастарда парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Тараптардың назарынан сауда-экономикалық өзара іс-қимыл да тыс қалмады. Қазақстан Президенті ынтымақтастықтың негізгі салалары энергетика, пайдалы қазбаларды барлау және қайта өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар қос тарап халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласына да тоқталды. Президент Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып қатаң айыптағанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, барлық ел терроризмге қарсы күресте үлкен халықаралық коалиция аясында күш біріктіруі тиіс. Қазақстан осы маңызды іске өз үлесін қосуға дайын.