Қазақстандық оқушы ғарышта энергия тарататын құрылғыны ойлап тапты

Қазақстандық оқушы ғарышта энергия тарататын құрылғыны ойлап тапты

Қазақстандық оқушы ғарышта энергия тарататын құрылғыны әзірледі. Абай облысының тоғызыншы сынып оқушысы Нұрәлі Амангелдиевтің әзірлемесі лазерлік сәулелердің әсерінен электр энергиясын таратуға қабілетті. Құралды жасаумен жас өнертапқыш 2 жылдан астам уақыт бойы қолда бар материалдарды пайдаланып жұмыс істеді. Нәтижесінде Нұрәлі екі үлгіде құрылғы жасап шықты. Олардың бірі екіншісінің фоторезисторына лазерлік сәулені жіберіп, оны қуаттандырады. Бұл шам мен ұялы телефонды қуаттауға жеткілікті. Сынақтар кезінде аппараттар арасындағы қашықтық 10 метрге дейін жетті, құрылғы да әртүрлі ауа райы жағдайларында нәтиже көрсетті.

 

Нұрәлі Амангелдиев, жас өнертапқыш:

- Бұл жобаның идеясы ағамның арқасында пайда болды, біз онымен отырып, Пельтье элементінің көмегімен энергия өндіру жобасын жасап отырдық. Осыдан кейін маған лазер жүйесін жасау идеясы келді. Бұл жобаның идеясы Пельтье элементінің көмегімен энергия өндіру жобасын жасап отырған бауырымның арқасында пайда болды. Бір құрылғы екііншісіне лазер жібереді. Ал бұл лазер  арнайы қондырғының көмегімен электр энергиясына айналады. Кейін ол өзге де ғарыштық станцияларға жіберіледі. Мен бұл салада көптеген зерртеулер жүргізіп, кейін бүгінгі таңда  әлемде осындай тәсілмен энергия жіберетін 4 станцияны анықтадым. Атап айтқанда бұл АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай елдеріне тиесілі. 

 

Жас өнертапқыш өз жобасымен Байқоңырда өтетін халықаралық байқауға қатысуға ниетті. Болашақта құрылғыны автономды жұмыс істетеуге бейімдеуді  жоспарлап отыр.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?