Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуын одан әрі қолдауға мүдделі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде қаржы ұйымының президенті Одиль Рено-Бассо айтты. Банкпен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артып, 1 млрд еуроға жуықтады. Банк басшысы елдің көлік әлеуетін, энергетика секторын дамытуға және «жасыл экономика» бағдарламаларына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?