Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өміріне жасанды интеллект арқылы саяхат. Ол үшін Ақтөбе облыстық мемориалдық музейінде цифрлық технология мүмкіндіктері кеңінен қолданылған.
Музей қонақтарын қызметкер емес, виртуалды гид күтіп алады. Ол келушілермен
5 тілде сөйлейді. Бұдан әрі VR-көзілдірігін тағып, Әлияның туған ауылына, оның
балалық шағына сапар шегіледі. Музей мамандары батыр қыздың әр басқан қадамын
қалт жібермей, баяндауға тырысқан. Оның тәрбиеленген балалар үйі, мектебі мен
Ленинград блокадасына дейін баяндалады. Соғыста жақындарына хат жазған сәті
әсерлі шыққан. Бұны жасанды интеллектің көмегімен голограмма арқылы көруге
болады. Мерген қыздың соңғы шайқасы туралы шағын фильм де әзірленген. Ондағы
көріністерге компьютерлік графика және 3D мэйппинг карта арқылы жан бітірілген.
Жанар Мақсұтова, Облыстық мемориалды музейінің директоры:
- Әлияның мергендігін көрсететін бізде диаграмма бар, және соңғы шайқас –
Әлия, Козачейха түбінде жараланып, сол туралы тарихи сәттерді көзімен айқындап,
нағыз кино көргендей әсер алатын диаграммамыз бар.
Бүгінде музейде Әлия Молдағұловаға қатысты 11 мыңнан аса жәдігер бар. Ал,
облыста қаһарманның 100 жылдығына орай 100-ден аса шара өтеді. Соның бірі Кеңес
Одағының Батырына арнап логотип бекітілді. Ақтөбеде мерейтой аясында
шығарылатын барлық тауар осы логотиппен безендіріледі.

