Агроөнеркәсіп кешеніне құйылған инвестиция көлемі 427 млрд теңгені құрады. «Finprom.kz» порталының мәліметтеріне сәйкес, қаржы негізінен ауыл, орман және балық шаруашылықтарына тартылып, жыл басынан бері 40% астамға өскен. Бұл салымдар кәсіпорындардың негізгі қаржысымен және банктік емес займдармен қамтамасыз етілген. Атап өтерлігі, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде агроөнеркәсіп кешеніне 292 млрд теңге инвестицияланған. Аймақтар бойынша Солтүстік Қазақстан облысына ең көп инвестиция бағытталған. Үздік үштікке Ақмола және Павлодар өңірлері кірді.