Қазақстан Президенті «Парламенттік реформа жөніндегі
жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды. Ол Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын
іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады. Оның құрамына
Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері,
саяси партиялар фракцияларының жетекшілері кіреді. Бұған қоса, жұмыс тобына
ғылыми институттардың басшылары, конституциялық құқық саласында бағдарланған
белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар
енді.

