2 қыркүйек Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

2 қыркүйек Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Қазақстанда қыркүйектен бастап жаңа саяси маусым басталады. Ата Заңға сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы арнайы өкімге қол қойды. Ол 2 қыркүйекте Астанада өтеді. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Ол еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қамтиды.