Абай облысында 24 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Абай облысында 24 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Абай облысында 2028-ші жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын 24 ірі инвестициялық жобаның тізімі жасақталды. Бұл бастамалардың жалпы құны 2,2 трлн теңгені құрамақ. Оның 6-ын биыл іске қосу көзделген. Өңір жетекшісі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріп, алдағы даму жоспарын таныстырды. Берік Уәли әлеуметтік нысандар мен коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде де мәлімет берді. Мәселен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Семейде айналма жол салу жағы пысықталуда. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды. Сонымен қатар, Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?