А. Балаева Қытаймен мәдени байланыс туралы пікір бөлісті

А. Балаева Қытаймен мәдени байланыс туралы пікір бөлісті

Қазақстан мен Қытай әріптестігі жаңа деңгейге шығуда. Атап айтсақ, мәдениет пен ақпараттық байланыс саласындағы ынтымақтастық күн санап артып келеді. Қазақстан мәдени орталығының Қытайда ашылуы және Қытай орталығының елімізде бой көтеруі – осы саладағы қос мемлекеттің тығыз әріптестігінің белгісі. Бұл туралы ШЫҰ саммитінің шеңберінде арнамызға эксклюзивті сұхбат берген бейінді ведомство басшысы атап өтті. Аида Балаева екі елдің көптеген салалар бойынша бірлесе жұмыс істеу ниеті барын мәлімдеді. Мәселен, жалған ақпараттың таратылуымен күресу, әдебиет, концерттер өткізу мен бейнелеу өнерін дамыту бойынша жобаларды жүргізу бойынша әріптестік нығая түседі. Министрдің айтуынша, күні кеше Бейжіңде Қазақстан мәдени орталығы ресми түрде есігін ашты.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

– Бүгінде біз орналасатын кеңсе толыққанды дайын. Бейжіңдегі адам ең көп жүрітен туристік орын – Арбаттан орын бұйырып отыр. Сондықтан, біздің мәдени орталығымыздың ашылуы халқымыздың тарихы мен өнерін кең көлемде насихаттауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұдан басқа да бағыттар бойынша әріптестікке дайынбыз.