Еліміздің әнұраны Италияның орталық алаңында әуеледі. Австрияда оқып жүрген қазақстандық пианист Темірлан Бисенбай Миланға барған кезде готикалық Дуомо соборының алдында еліміздің әнұранын ойнаған. Отандық музыканттың өнеріне тәнті болған жергілікті қауым онымен суретке түсіп, қайдан келгеніне қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, музыкант бұған дейін Қазақстанның әдемі жерлерінде аспапта ойнап, көпшілікке танымал болған еді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов