Түрікменстан оркестрі Венадағы The World Orchestra Festival-ге қатысты

Түрікменстан оркестрі Венадағы The World Orchestra Festival-ге қатысты

Түрікменстан Венада өткен XI-ші Дүниежүзілік оркестрлер фестиваліне қатысты. Еуропаның музыка астанасында республиканың мемлекеттік симфониялық оркестрі Франц Шуберт пен Астор Пьяццолланың туындылары мен шығармаларын, сондай-ақ дутар аспабы мен оркестрге арнайы жазылған «Бұл жұмақ» халық әуенін орындады. Ұжымның шеберлігі халықаралық қазылар алқасын тағы да таңдай қақтырды. Өткен жылы музыкалық ұжым Австрия астанасын бағындырып, X-«One Future» Дүниежүзілік оркестрлер фестивалінің лауреаты атанды. Айта кетейік, Түркіменстанның беделді мәдени шараға қатысуы - елдегі музыкалық ұжымдарының жоғары деңгейдегі дайындығының дәлелі. Биыл байқауға әлемнің 40-тан астам елінен 2,5 мыңнан астам жас музыканттар мен 400-ден астам оркестр ұжымы қатысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?