Румыниялық хор «Астана Операда» қазақ тілінде ән шырқады

Румыниялық хор «Астана Операда» қазақ тілінде ән шырқады

Румынияның Ұлттық камералық хоры «Астана опера» театрында қазақ тілінде ән шырқады. Ұжым «Жібек жолы» концерттік бағдарламасымен біздің елде алғаш рет өнер көрсетті. Румындық орындаушылар ежелгі сауда бағытымен байланысты барлық халықтың бай мәдениетін паш етуге тырысты. Румын шығармалары да орындалды. Олар шығыс классикасымен шебер үйлесім тапты. Қазақ халық шығармаларынан құралған поппури отандық көрермен үшін үлкен тарту болды. Өнер ұжымы белгілі «Япурай» және «Әгугай» халық әндерін нақышына келтіріп орындады. Хорға арналған өңдеуді театр дирижері Абзал Мұхитдин дайындады.


Абзал Мухитдин, «Астана Опера» дирижері, Қазақстанның халық әртісі:

- Қазақ хорлардан жасалған блокты тыңдадық. Ол енді керемет шыққан нәрсе деп ойлаймын. Өйткені ешқандай акцентсіз, таза қазақша, бұл - ғажап деп ойлаймын. Өте жоғары профессионалдық деңгейде айтылған осы хорды біздің «Япурай» әніміз және қазақ әндерінен поппури Мирошников жасаған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?