«Кішкентай өлім» - бұл махаббат туралы сыр шертетін қойылым. Оның ақ пен қара түсті декорацияларға құрылуының өзінде астарлы мән бар. Иржи Килианның спектаклін сахналау балет труппаларары үшін үлкен жауапкершілік ғана емес шеберліктеріне берілген баға деуге болады. Театрдың көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың айтуынша хореографиялық қойылым театрдың репертуарына қосылған үлкен жетістік.
Алтынай Асылмуратова, «Астана опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі:
– Менің басты стретегиям осы театрға әлемдік балет өнерінің жаухарын жинақтап, қою болған еді. Петиптің классикалық балетінен бастап 20-21 ғасыр туындыларына дейін іріктеп алып, қойып жатырмыз. Әртістер де басқа адамдар сияқты жан-жақты дамып отыруы тиіс. Сондай-ақ көрермен деңгейі мен талғамы да өсіп отырғаны маңызды. Өйткені олар үшін өнер - таным әлемі сияқты, классикамен таныстың ба енді неоклассиканы танып-біл, бұған қоса Иржи Килиан сияқты батыстың ең озық өнер майталмандарының қойылымын ұсынып жатырмыз
Стефан Жеромский, қоюшы – балетмейстер:
- Мен балетмейстер ретінде бишілер музыканы сезініп, мұқият тыңдағандарын қалар едім. Бұл биді жетелейтін әуен ғана емес, музыка мен қимыл бір бүтінге айналған дүние. Бишілер музыканы терең түсінсе олардың қимылдары да ерекше бола түседі.