Қазақстан Әзербайжанға $340 млн шикізаттық емес тауарларын жеткізуді арттыруға дайын

Қазақстан Әзербайжанға $340 млн шикізаттық емес тауарларын жеткізуді арттыруға дайын

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Мәселен еліміз жалпы құны 340 млн долардан асатын шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізуді арттыруға дайын. Бұл жөнінде Қазақстан Премьер-Министрінің Бакуге ресми сапары аясында белгілі болды. Олжас Бектенов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізіп, екі мемлекет басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында өзара ынтымақтастық серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті. Кейін республикамыздың Премьер-Министрі әріптесі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқыланды. Бұл ретте былтыр екі жақты тауар айналымы 533 млн долларды құрағанын айта кеткен жөн. Ал, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62% өсіп, 4 жарым млн тоннаға жетті. Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл қатарда Қазақстан-Әзербайжан бағытында су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және салу жөніндегі құжат бар. Жоба байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыру, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беруді кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?