Қазақстан мен Қытай инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
келісті. Мемлекет басшысы екі елдің
Үкіметтері арасындағы тиісті келісімді ратификациялау туралы Заңына қол қойды. Сарапшылардың
айтуынша, нақты және түсінікті құқықтық шеңберлер құру жоғары технологиялық
салаларға сапалы капитал салымдарының ағынын ынталандыру қарқынын арттырады және
республиканың экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Сондай-ақ,
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ,
Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты
өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы заңына қол қойды. Орталық
макроэкономикалық талдау, ақша-кредит саясаты, қаржылық реттеу салаларында өңір
елдерінің мемлекеттік органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдылары мен
біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

