Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі хабарлады. Сондай-ақ болжам бойынша, елорданың жалпы өңірлік өнімі алдағы екі жылда 4,5-5,5% деңгейінде өсіп, 2025 жылы шамамен 12 трлн теңгеге жетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол шамамен 8 жарым трлн құрады. 2023 жылы бюджет кірісі бес жүз жиырма жеті млрд теңгеден асады деп болжануда. Атап айтқанда бұл салықтық және салықтық емес түсімдер, сонымен қатар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер. Еске сала кетейік, 27 тамызда Үкімет отырысында еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы бекітілді. Базалық сценарийде осы кезеңде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 3,9%, оның ішінде 2023 жылы 4% және 2027 жылы 4,2% құрайды делінген.