Қазақстан Ауғанстанға майлылығы төмен өнімдер жеткізуді ұлғайтуға ниетті

Қазақстан Ауғанстанға майлылығы төмен өнімдер жеткізуді ұлғайтуға ниетті

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Қазақстан Ауғанстанға 8 мың тоннаға жуық өсімдік майын экспорттады. Өткен жылдың 12 айында бұл көрсеткіш 18 мың тоннаға жуықтаған. Алда еліміз жеткізілім көлемін арттыра түсуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы алты айында Қытай, Өзбекстан және Тәжікстан қазақстандық май және май өнімдерін сатып алу бойынша алғашқы үштікте тұр. Бұл тізімде Ауғанстан 5-орында.

 

Ядыкар Ибрагимов, майлы дақылдарды қайта өндеушілер ұлттық қауымдастығының басшысы:

-Осыған байланысты бізге май өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың осы нарықтағы үлесін кеңейтуге мүмкіндік бар. Қолда бар көрсеткіштерге қарап ауғандықтардың Қазақстан жағымен жұмыс істегісі келетінін көруге болады. Осылайша, біз ресейлык экспорттаушылармен бәсекеге түсе аламыз. Бүгінгі таңда Ауғанстан нарығы күнбағыс майын сатып алуға дайын.

 

Еске сала кетейік, Астанада өткен Қазақстан-Ауған форумында тараптар 190 миллион доллардан асатын келісім-шарттарға қол қойды. Оның 22% күнбағыс майының экспортына тиесілі.