«Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық портфелі 100 млрд доллардан асты

«Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық портфелі 100 млрд доллардан асты

«Самұрық-Қазына» қорының инфрақұрылымдық жобалар қоржыны 100 млрд доллардан асты. Онда қазір130-дан астам жоба бар. Бұл туралы Astana Finance days форумында қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауқымды жобалар түрлі салаларда жүзеге асырылуда. Бұл әлемдік компаниялардың қатысуымен қуаты 5 гигаватт болатын ЖЭК нысандарының құрылысы, газ өңдеу кешендері мен магистральдық құбырларды іске қосу, Ақтау және Құрық порттарын, Қытаймен шекарадағы құрғақ терминалдарды дамыту және Каспий арқылы су асты талшықты-оптикалық желіні тарту бастамалары. Қор тек соңғы алты жылда ғана жалпы көлемі 27 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартты. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» SWFI нұсқасы бойынша әлемнің ең ірі 25 егеменді қорының қатарына кіреді.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- «Самұрық-Қазына» қорының дамуы мемлекет пен жаһандық инвесторлардың серіктестігіне негізделеді. Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын үздік халықаралық тәжірибелерін ескеріп, біз елдің экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етуге тырысамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?