Шанхайда жаңа инновациялық хаб ашылды

Шанхайда жаңа инновациялық хаб ашылды

Қазақстан Қытайда инновациялық Khan Tengri хабын ашты. Ашылу салтанаты Шанхайдағы «Азияның Кремний алқабы» атауымен мәлім Цжанцзян ғылыми-технологиялық паркінде өтті. Бұл Орталық Еуразиядағы стартаптар мен IT-компаниялардың Қытай нарығына шығуына арналған алғашқы арнайы платформа. Яғни, отандық жобалар әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына қол жеткізіп, халықаралық деңгейдегі ойыншыларға айналу мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Инновациялық хаб қазірдің өзінде Қытайдың XNode акселераторымен серіктестік орнатып, даму сатысы әртүрлі стартаптарға арналған бағдарламаларды іске қосуда.


Жаслан Мәдиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бұл орталық біздің стартап өнімдерді Қытай нарығында ілгерілетуге септігін тигізетін маңызды алаң болады деп есептейміз. Бұл өте үлкен нарық, мұнда көптеген еркекше дүниелер  жарыққа шығуда. Біздің басты мақсатымыз – тек батысты бағындыру ғана емес. Сонымен қатар, әлі игерілмеген Қытай нарығын да мойындату. Сондықтан барлық стартаптар мен кәсіпкерлерді біздің IT-хабымызды пайдалануға шақырамыз. Мұнда сіздерге барлық қолдау көрсетіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?