Freedom Finance Europe компаниясы Euroclear тікелей мүшелігіне өтті

Freedom Finance Europe компаниясы Euroclear тікелей мүшелігіне өтті

Қазан айында Euroclear Bank қабылдау комиссиясы Freedom Holding Corp компаниясының өз қызметін Еуропада жүргізетін Freedom Finance Europe Ltd. еншілес компаниясының тікелей мүшелік өтінімін мақұлдады. Енді компания клиенттері жетекші халықаралық орталық бағалы қағаздар депозитарийінде жоғары сапалы биржалық инфрақұрылымды пайдалана алады.

Тимур Турлов, СЕО Freedom Holding Corp.:

- Euroclear-ге тікелей мүшелікке өту бүкіл холдинг үшін кеңею және кемелдену жолында тағы бір маңызды жетістік әрі жаңа қадам болды. Бұл шара қатарынан 9 айға созылды, алайда енді біз Кипрде Euroclear-ге тікелей мүшелікке өткен банк емес сектордың ішіндегі бірден бір компаниямыз. Компания клиенттері үшін бұл сенімнің тағы бір кепілі.

Еске сала кетейік, тамыз айында S P Global Ratings рейтингілік агенттігі Freedom Finance Europe Ltd. компаниясына ұзақ мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісін берді. Компания бойынша болжам тұрақты. Осымен қатар компанияға қысқа мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісі де берілді.

Соңғы жылы Freedom Finance Europe Ltd. компаниясының Еуропадағы орны нығайып, кеңейіп келеді. Соңғы деректер бойынша компания 70 мыңнан астам клиент шотына қызмет көрсетеді, олардың басым бөлігі Еуроодақ елдерінің азаматтарына тиесілі. Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін компанияның барлық сервисі мен платформасы 25 еуропа тілінде орналастырылған. Бұдан бөлек 2019 жылы Германияда ашылған офиске қоса, ағымдағы жылы Грецияда өкілдіктің офисі ашылды. Жоспарымызда компаниялардың ЕО-ның басқа да елдерінде нақты ашылуын қамтамасыз ету.

Euroclear жайында анықтама:

Euroclear халықаралық есептік жүйесі 1968 жылдан бастап қолданылады. Депозитарийде сақталатын активтер бүгінгі күні 32,8 трлн еуроға бағаланады. Euroclear өз клиенттері үшін бағалы қағаздармен жасайтын мәмілелер сомасы жылына 897 трлн еуродан астам.

Сайт: https://www.euroclear.com/en.html

Freedom Holding Corp. – өзінің Freedom Finance еншілес компаниялары арқылы қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестиция мәселелері бойынша консультация беруді, бағалы қағаздар сауда-саттығын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәске биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас офисі Қазақстанда, Алматыда орналасқан, ал оның әкімшілік офистері Ресейде және АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Германияда, Әзербайжанда және Кипрде филиалдары бар. Бүгінгі күні холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург биржасында және Украина биржасында саудаланады.

Болжамды сипаттағы өтініштерге қатысты ескертулер:

Бұл баспасөз-релиз «Болжамды мәлімдемелерден» тұрады. Барлық болжамды мәлімдеме белгіленбеген сипатқа ие және мән-жайларға байланысты өзгерістерге бейім. Болжамды мәлімдемелер болашақ нәтижелерге немесе көрсеткіштерге кепілдік болып табылмайды және нақты оқиғалардың немесе, мүмкін, болжамды мәлімдемелерде сипатталған немесе күтілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай айырмашылығы бар нәтижелердің нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелмен және белгісіздікпен ұштастырылған. Мұндай болжамды мәлімдемелерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін факторларға Мемлекеттік бағалы қағаздар және қор нарығы комиссиясында сақталатын холдингтің мерзімді есептерінде табылған белгіленген экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекел мен факторлар жатады. Барлық болжамды мәлімдеме осы баспасөз-релиз шығарылатын күнге ғана жасалды және Холдинг бұдан кейінгі оқиғаларды немесе жағдайларды көрсету үшін болжамды мәлімдемелерді жаңарту міндеттемелерін өз мойнына алмайды. Оқырмандардың мұндай болжамды мәлімдемелерге тым сенім артуының қажеті жоқ.

Ақпарат көзі: Freedom Holding Corp.