2025 жылы Астана халықаралық форумы өтеді

2025 жылы Астана халықаралық форумы өтеді

Биыл Астана халықаралық форумы өтеді. Тиісті өкімге Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты іс-шара тоқтатылды. Астана халықаралық форумы - Еуразиялық кеңістіктегі ең ірі диалог алаңдарының бірі. Онда үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың, іскерлік және ғылыми топтардың өкілдері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді, атап айтқанда, сыртқы саясатты, экономика мен қаржыны, қауіпсіздікті, тұрақты дамуды, энергетика мен климатты талқылайды. Бұл әлемдік қоғамдастыққа жаһандық сын-қатерлер алдында күш біріктіруге және даму үшін жаңа перспективалар ұсынуға мүмкіндік береді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?