Қазақстанда қымыз өндірісі қарқын алуда. Себебі бұл шипалы өнімге өзімізден бөлек сырт мемлекеттерден сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда отандық қымыз негізінен Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Францияға экспортталады. Елімізде бие сауып, кәсібін дөңгелетіп жүргендер аз емес. Елорда маңында пайдалы істі қолға алғандардың бірі Батырбек Қошқарбаев. Оның шаруашылығында қамбар ата өнімі қысы жазы үзілмейді.
Батырбек Қошқарбаев, шаруа:
- Қазір 4 бие байлап отырмыз. Күніне 20 литрдей
қымыз шығады. Халық ақырып біртіндеп үйреніп жатыр. Оның үстіне саумал ішемін
деп келіп жатқан кісілер бар. Сұраныс көбейсе, биелерді көбейтеміз. Бірақ, 20 биеге дейін байлау
жоспарда бар.
Қымыз бен саумалдың емдік қасиетін ел жақсы біледі. Бүгінде
бұл өнімдердің өндірісі жолға қойылған. Патенттелген
түрлері көп. Олардың жасалу әдістері де сан-қырлы. Дәрігерлер капсула түріндегі
өнімдердің ешқандай емдік әсері жоқ, тұтынатын болсаңыз тек, сублимациялы әдіспен
жасалғанын алу керектігін алға тартады. Ол табиғи өнімді -55 градуста
тоңазытып, ұнтақ күйіне айналдыру тәсілі.
Бақытжан Бимбетов, ПІБ медициналық орталық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері:
- Медицинаның атасы Боткин айтады: Ол өкпенің
сырқатына арналған бірден-бір ең шипалы сусын деп. Қыста сауылған малдың
саумалына келетін болсақ, ол әрине жақсы. Шамалы болса да айырмашылығы болуы
мүмкін. Бірақ ол нәтижеге әсер етпейді. Оның да нәтижесі оң болады деген сөз.
Жеңіс Ермұқанов

