2025 жылдан бері АХҚО 7,2 млрд доллар инвестиция тартты

2025 жылдан бері АХҚО 7,2 млрд доллар инвестиция тартты

2025 жылдан бері «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы 7 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл жөнінде Қазақстан Президентіне қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров баяндады. Жалпы орталық құрылғаннан бастап тартылған инвестиция көлемі 21 жарым млрд долларға жетті. Оның айтуынша, АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 284,3 млрд теңге салық төлеген. Оның жартысына жуығы былтыр аударылған. Салық түсімдері өсуіне негізінен қатысушылар санының артуы және олардың қызметінің жандануы әсер етті. Мәселен, 2025 жылдан бастап 1800-ден астам жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтағы AIX биржасының жұмыс нәтижелері баяндалды. Оның соңғы екі жылдағы  сауда-саттық көлемі 4 млрд долларға жетті. Өткен жылы «Астана» халықаралық орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады. Мемлекет басшысына орталытың басқарушысы авиация, геологиялық барлау және креативті индустриялар салаларындағы жаңа жобалардың іске қосылғаны туралы да мәлімет берді.

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

– Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар, оның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығын халықаралық аренада одан әрі қарай дамыту және басқада мәселелер туралы нақты тапсырмалар берді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?