Қазақстан өңірлік экономикадағы өзінің рөлін барған сайын арттырып келеді. Осы орайда, шетелдік инвестиция мен венчурлік капиталдың дамуындағы рөлі ерекше. Біздің еліміздің және Орта Азия аумағының әлемдік қаржылық жүйедегі рөлі туралы Елордадағы конференция барысында көп айтылды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен қаржылық сектор кездесуі Бреттон-Вуд жүйесінің 80 жылдығына арнап өткізілген шаралардың бірі. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында сауда интеграциясы, негізгі макроэкономикалық трендтер және Қазақстанның жаһандық және өңірлік экономикалық процестердегі рөлі кеңінен талқыға түсті. Спикерлердің сөзінше, жаңа геосаяси ахуалдардың әсерінен әлемге шетелдік серіктестермен қарым-қатынас орнатудың жаңа тәсілдері керек. Оларды бүгінде Астана Халықаралық Қаржы Орталығы белсенді түрде қолданып келеді.
Ренат Бектұров, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушысы:
– Бұл конференция қаржылық мәселелерді шешудегі жаңа әдістерді табу үшін өткізілуде. Мәселен, фрагментация, өңірлік мәселелер, жаһандану секілді 10-15 жыл бұрын кеңінен талқыланған өзекті мәселелердің маңыздылығы сәл төмендеді. Себебі, қазір геосаяси ахуал күрт өршіді. Біздің мақсатымыз – инвесторларды осында тартып, конференциялар өткізу, олармен талқылап, дәлелдеу. Шетелдіктерге біздің елімізді басқа жағынан көрсету. Біздің еліміз және көршілес елдермен бірге атқарған жұмыстарымыз – жаңаша көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.