Білім саласына салынған күрделі инвестициялар 75%-ке өсті

Білім саласына салынған күрделі инвестициялар 75%-ке өсті

Қазақстанда білім саласына салынған инвестиция көлемі күрт артты. Осылайша, 2022 жылдың алғашқы жеті айында ғана шамамен 150 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 80%-ке артық. Ол кезде секторға құйылған күрделі салымдар 83 млрд-тан сәл ғана астам теңгені құраған. Осылайша, нақты көлем өсімі шамамен 75%-ке жеткен, деп хабарлайды Finprom.KZ порталы. Сарапшылардың айтуынша, ең көп қаражат – 46 млрд теңге Алматыға тиесілі. Үздік үштікке Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ілікті. Секторға салынған барлық күрделі салымдардың тең жартысы осы үш өңірге бағытталған. Айта кетерлігі, білім саласына құйылған инвестицияның басым бөлігі жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді. Кәсіпорындардың меншікті қаражаты шамамен 31 млрд теңгені құрады.

 

Авторы: Гүлбану Тәжібек