Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үш нысаны іске қосылды. Жақын арада тағы бесеуінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Елдің салалық министрлігі жаңа қуат көздері отандық энергетиканың әлеуетін арттыруға сеп болатынын алға тартады. Жалпы бүгінде ел аумағында барлығы 148 баламалы энергия нысаны жұмыс істеп тұр. Бұл негізінен жел, күн, су және биогаз стансалары. Ондағы мақсат – көміртек шығындыларын азайтып, еліміздің энергия жүйелерін экологиялық таза және тұрақты қуат көздерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бейінді ведомство 2035-ші жылға дейін саланы дамыту жоспарын әзірледі. Оның аясында кемінде 26ГВт жаңа қуаттар енгізу жоспарланған. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан жаңартылатын энергетиканы дамыту қарқыны бойынша Орталық Азияда көшбасшылығын сақтап келеді. Мәселен тек биылдың өзінде ғана энергетикалық қауқарды арттыруға 327 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 19 келісім жасалды. Ірі жобаларды Қазақстан, Қытай және Сауд Арабиясы елдерімен бірлесіп жүзеге асырмақ. Яғни, көп ұзамай елімізде күн мен желдің күшінен баламалы қуат өндіретін жаңа стансалар пайда болады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

