Қазақстанда жыл басынан бері экономиканың бірқатар салаларында өсім бар. Атап айтқанда, көлік құрастыру бағытындағы өсім нәтижесі жақсы. Жалпы, бұл салада көрсеткіштер бірден 27% көтерілсе, оның ішіндегі машина жасау көлеміндегі өсім тіптен 42% бірақ шықты. Отандық жеңіл өнеркәсіп болса, 12% өскен. Құрылыс секторындағы өсімге де жоғары баға берілді. Себебі, осы аралықта елде 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Елдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы Үкімет отырысында айтылды. Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері экономиканың өсу көрсеткіші 5% сәл жетпей тұр. Оның үстіне, тағы бір жағымды жаңалық – инфляция көлемі 10,8% тең түсті. Премьер-министр барлық өңір басшыларына жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық даму үшін атқарылу керек жұмыстарды соңына дейін аяқтауды тапсырды. Ең алдымен, бұл мақсатта, жеке инвестиция тартуға баса назар аудару керектігіне де Әлихан Смайылов баса назар аударды.
Әлихан Смайылов, ҚР
Премьер-Министрі:
-Мемлекеттік
органдар мен өңірлер инвестиция тарту
бойынша жұмыс жүргізіп, жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет.Сонымен қатар,
Мемлекет басшысы әрбір орта кәсіпорын бойынша
өндірісті 2-3 есеге кеңейту міндетін қойды.