Қазақстанда «Bastau» Халықаралық кинофестивалі басталды

Қазақстанда «Bastau» Халықаралық кинофестивалі басталды

Алматыда ХІІ халықаралық «Бастау» кинофестивалі өз шымылдығын түрді. Төрт күнге жалғасатын байқау студенттік және дебюттік фильмдерге арналады. Биыл дәстүрлі шараға «BASTAU SHORTS» халықаралық байқау бағдарламасы қосылды. Онда әлемнің 28 елінен ұсынылған қысқаметражды, деректі және анимациялық дебюттік туындылар ұсынылмақ. Бұл сынға қатысу үшін Түркия, Иран, Гонконг, Италия, Сербия, Нидерланд, Мексика, Польша және тағы басқа елдерден 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Ал жас киногерлердің тырнақалды туындыларына кәсіби мамандар баға береді. Сондай-ақ фестиваль аясында жас режиссерлерге арналған Almaty Film Lab шеберханасы екінші рет ұйымдастырылмақ. Байқау 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сергей Әзімов, Кинофестиваль президенті:

- Жалпы қазақ киносының потенциалы өте мол. Қоғамда проблемалар жеткілікті бірақ жастардың көзқарасы, жастардың ниеті, осы өмірге деген жанашырлығын таныту, олардың көзқарасын бүкіл көрермендерге жеткізу біздің негізгі мақсат.

Диана Әшімова, Кинофестиваль арт-директоры:

- Берлин байқауының бас жүлдесі «Алтын аю» сыйлығының иегері, режиссер Анастасия Вебердің шеберлік дәрісі өтеді. Ол жас киногерлерге шетелдегі киноқорларға дұрыс өтінім беру және өз жобаңа қаржы тартудың қыр-сырын үйретіп, халықаралық байқаулар мен зерттеулерге қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар жайында құлағдар етеді. Яғни, киноөндірісінің майталмандары пайдалы кеңестерімен бөліседі. Бұның бәрін тыңдаушылар назарға алады деп сенеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?