Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4% дейін жеделдеген. Мұндай дерек Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы ел үшін жариялаған шолуында келтірді. Қаржы институтының сарапшылары елімізде іскерлік белсенділіктің дамуын қызмет көрсету саласы мен сауданың артуымен байланыстырады. Мамандар Қазақстанның 10 жылдық долларлық құнды қағаздарын халықаралық капитал нарығына табысты орналастыруы шетел инвесторларының экономикамызға сенімі мен қызығушылығын танытуға ықпал еткенін алға тартады.
Ал Еуразиялық Даму банкіне қатысушы елдердің жалпы ішкі өнімі 4,2% артқан. Бұл белсенді ішкі сұраныспен түсіндіріледі. Сарапшылардың айтуынша қазір Еуразиялық кеңістік Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасында жаңа көлік бағыттары мен жер үсті дәліздерін дамыту арқасында әлемдік экономикаға ықпал ете бастаған. Бұл өз кезегінде халықаралық сауданы тұрақтандырып, экономиканың әртараптануына әсерін тигізген.
Ермұқанов Жеңіс