Сыр диқандары күріштен рекордтық өнім жинауы мүмкін

Сыр диқандары күріштен рекордтық өнім жинауы мүмкін

Сыр диқандары биыл күріштен рекордтық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Себебі, жерде ылғал көп, егіннің шығымы да жақсы. Қазіргі алқаптағы күріштің 32 пайызы орылды. Егіс басында қызу тірлік. Еңбекші қауым алажаздай күтіп-баптаған дақылды жинап, қамбаға құйып алудың қарекетін қылып жатыр. Айта кетейік, биыл аймақ диқандары 85 мың гектардың үстінде күріш екті. Соның шамамен 86 пайызы жақсы деп бағаланып отыр. Негізгі дақылдың 64 мың гектары арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңделсе, 70 мың гектарын қажетті тыңайтқыштар себілген. Нәтижесінде, өнімділік артып отыр.

Ербол Ақбергенов, агроном:

- Былтыр 72 ц өнім алғанбыз. Быил жоғары. Қазіргі уақытта 900 гектар жердің өнімін жинап алдық. Орташа өнім 87 ц. Оның ішінде Ресейден алынған Каурис сортынан 92-93 ц өнім алып жатырмыз. Солар жоғары көрсеткіш көрсетуде.

Талғат Дүйсебаев, Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Өткен жылмен салыстырғанда өнімділік бір пайызға артып отыр. 85600 гектардың бүгінгі таңда 28 мың гектары орылды. Бұл 32 пайызы. Соның 20 мың гектары бастырылды.