Жыл басынан бері транзиттік тасымал көлемі 14% өсті

Жыл басынан бері транзиттік тасымал көлемі 14% өсті

Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаға жетті. Бір жылда өсім 20% асты. Бұл көрсеткіш биыл алғашқы тоқсанда тағы 14% ұлғайды. Ал былтырдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы жалпы өнім көлемі 12 трлн теңгеден жоғары болды. Биылғы қаңтар-наурыз айларында оның өсімі 13% жуықтады. Бұндай тың деректер Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі кеңес отырысында келтірілді. Басты назарда - инфрақұрылымды жаңғырту, саланы цифрландыру және оның экономикаға үлесін арттыру. Кеңесте ЕАЭО ішкі шекарасындағы жобалар назардан тыс қалмады. Осылайша, былтыр екі учаскеде жұмыс аяқталды. Ал 2027 жылға қарай тағы 37 өткізу пункті жаңғыртылмақ. Транскаспий халықаралық көлік бағытын  дамытуға назар аударылды. Бұл дәліз  бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, өтпелі тарифтер енгізу және серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов барлық инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде теңіз бен әуе көлігі саласындағы ірі бастамаларды бақылауды күшейтуді және іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін жылына 100 млн тоннаға дейін кеңейту қажеттігі атап өтілді. Бұл халықаралық тасымалдауға серпін беріп, өткізу пункттері арқылы өту тәртібін жеңілдетеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?